06
апрель
2022
Халықаралық балалар кітап апталығы. «Алабұға аулаған күн»
Халықаралық балалар кітап апталығына орай №6 гимназия кітапханасының кітапханашысы Жақсыбаева Кулбан Қаппасовна мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Берикхановна Бағым Назарханызымен бірлесе отырып 5-6 қазақ сыныптары арасында балалар әдебиет әлемінде ойып тұрып орын алатын әдебиеттердің бірі Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабы бойынша әдеби оқу өткізілді. Шараның мақсаты: балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгерлер Толымбек Әбдірайымның шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау. Шараға қатысқан балалар «Алабұға аулаған күн» кітабына енген әңгімелерін оқып, қызықты оқиғалары туралы алған әсерлерімен ой бөлісті.