Футбол
2024 жылдың маусым айында Семей қаласында футболдан облыстық «Былғары доп» турнирі басталған. Гимназиямыздың намысын қорғауға үш команда бақ сынасты. Атап айтсақ 2014 жылғы және одан кіші, 2012-2013ж. және 2010-20211 ж туған футболшылардан құралған командалар. Әр жас ерекшілігі бойынша топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды. 28 қыркүйек гимназиямыздың үш командасы финалда өнер көрсетіп, тартысты кездесулердің нәтижесі бойынша барлығы чемпион болды.
Номинациялар бойынша:
Үздік қақпашы – Балгабаев Адлен(2014ж)
Үздік ойыншы – Болат Алдияр (2015ж)
Үздік жартылай қорғаушы – Аужанов Алдияр (2012)
Үздік ойыншы – Камашев Султан(2012ж)
Үздік қақпашы - Камалиев Альтаир(2011ж)
Үздік ойыншы – Аусенов Даниял (2010ж)
Команда жаттықтырушысы – Умирбеков М.К.