Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Семей қаласының №6 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-48-42
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-14-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада
11
апрель
2022

Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада

2022 жылдың 7-8 сәуірінде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың екі турының қорытындысы нәтижесінде №6 гимназияның 10 сынып оқушылары Курбатов Антон, биология пәні бойынша, жүлделі 2 орын, Бармаков Амир, химия пәні бойынша, жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекші мұғалімдері: Карғабаева Р.Ш., Есмағамбетова Ә.Қ. 
Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Олимпиада жеңімпаздарын, ата-аналарын және ұстаздарын құттықтаймыз!
Олимпиаданың демеушісі – Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры.
Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қолдау мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі турдан тұрды: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетіп, виртуалды тәжірибелер өткізді.