Тіл апталығы » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Семей қаласының Гимназия №6"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 35-48-42
Бухгалтерия
+7(7222) 36-14-05
Версия для
слабовидящих
12
ноябрь
2017

Тіл апталығы

1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.Осылайша қазақ елі жыл сайын тілдер мерекесін атап өтетін болды. Осыған орайгимназиямыздың қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің бастауымен 2017 жылдың 15-22 қыркүйегі аралығында «Үштілділік заман талабы» аттытілдер апталығы өтті. Жұма күні, яғни 15-қыркүйекте апталықтың ашылуы болды.

Апталықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Осы аталған іс-шараларға тоқтала кетсем, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: А.Н. Мұқашеваның жетекшілігімен 5 –сынып оқушылары радиохабарлама жасаса, Б.Е.Масалимова апта бойы «Үштілділік –тұғырым» атты науқан;Шынтемір М.Д. «Көңілді тапқырлар»зияткерлік ойынын,Манатова С.Б., Базыкенова И.М., Адикова А.А.«Ең бірінші бақытым – тілім менің» мәнерлеп оқу сайысын, Жакупова Қ.О., Берікханова Б.Н., Акимбаева Ж.К. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» зияткерлік сайысын, Адильбаева Т.С. гимназияның орыс тілі мұғалімі Е.В. Строй мен ағылшын тілі мұғалімі А.Г.Ягуфаровамен бірлесіп «Үштілділік – заман талабы» атты зияткерлік сайыс,Мұқашева А.Н. «Ана тілім – ардағым» атты мәнерлеп оқу сайысын және Шакенова А.Р., Базарханова Б.Ж., Раева Н.А. «Елім менің» - жаңартылған білім беру жағдайындағы сыныптан тыс шара (зияткерлік сайыс) өткізді. Сонымен қатар апта бойы мектеп кітапханашылары - Жақсыбаева К.К., Погорелова М.И. кітап көрмесін ұйымдастырды.

Жоспарлы іс - шарада барлық оқушылар аса белсенділік танытып,өлеңді мәнерлеп оқуға машықтанды, есте сақтау қабілеттерін дамытты, мақал-мәтелдің мағынасын түсінетіндіктерін және қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімдерін көрсете білді.Ал ұстаздарымыз болса мемлекеттік тілді қастерлеу керектігін түсіндіріп, олардың қазақ тіліне дегенсүйіспеншіліктерін арттыруда, патриоттық сезімдерін оятуда аянбай еңбек етіп жүр.Сайыс қорытындылары бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Тақырып бойынша презентация арқылы көрсетілген суреттер, бейнежазбалар балалардың қызығушылығы мен білуге құмарлығын арттыра білді деп есептеймін. Жан - жақты біліммен, тәрбиемен қаруланған, саналы, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының бай ауыз әдебиетінен сусындаған, қазақ тілін құрметтейтін ұрпағын тәрбиелеу жолында баршамыз өз үлесімізді қосайық!

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Тіл апталығы

 

Похожие публикации: