5 сыныпта "Celebrations" тақырыбында ашық сабақ өтті » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Семей қаласының Гимназия №6"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 35-48-42
Бухгалтерия
+7(7222) 36-14-05
Версия для
слабовидящих
» » 5 сыныпта "Celebrations" тақырыбында ашық сабақ өтті
20
ноябрь
2025

5 сыныпта "Celebrations" тақырыбында ашық сабақ өтті

Ағылшын тілі апталығы аясында 20 қарашада 5 сыныпта "Celebrations" тақырыбында ашық сабақ өтті, оны педагог-сарапшы Калиева Адия өткізді.Бұл сабақта оқушылар “8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мен “Әкелер күні” туралы білім алды.Мерекелердің маңыздылығы, отбасылық құндылықтар және ата-ананы құрметтеу жайлы түсінік қалыптастырылды. Оқушылар жаңа сөздермен танысып, мерекелік дәстүрлермен бөлісті.
Сабақ барысында оқушылар:
- Мәтін тыңдап, оқып, мазмұнын түсінді;
- Сұрақтарға жауап берді;
- Өз пікірлерін айтып, сөйлем құрады;
- “How Kazakh people celebrate Old People’s day” тақырыбына постер  жасап қорғады.
Сабақта тапсырма орындау барысында қолданылған ЖИ платформалар:
- Wordwall– жаңа сөздерді бекіту және қайталау үшін (matching, quiz);
- Educaplay– интерактивті тапсырмалар жасау үшін (gap filling);
- LearningApps – сөйлем құрастыру, суретпен жұмыс;
Picker wheel - Ойындарда (Brainstorming) платформаларын пайдалану арқылы тапсырма орындау оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Оқушылар белсенді қатысып, мерекелер жайлы білімдерін кеңейтіп, тілдік дағдыларын дамытты.