Ата- аналар жиналысын өткізу хаттамасы. 14- наурыз 2023 ж.
«Семей қаласы Гимназия №6» КММ бойынша мектепішілік жалпы ата- аналар жиналысын өткізу хаттамасы.
Өткізу күні : 14- наурыз 2023 ж.
Өткізу орыны: Қайым Мұхамедқанов улица,15-17. Мектеп ғимараты
Қатысқан ата- аналар саны- 610
Күн тәртібінде:
- ІІІ тоқсан қорытындысы және атқарылған жұмыстар туралы гимназия директоры М.Г. Ахметова
- Түлектерді қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ға дайындау туралы
Түсініктеме беру.
3. Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары
4. Мектептің проблемалық мәселелері.
5. Әртүрлі.
2023 жылдың 14-наурызында №6 гимназияда ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша гимназия директоры М.Г. Ахметова ІІІ тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді. Оқушылардың оқу- үлгерімдері жайлы және бүгінгі күні білім беру саласындағы мәселелерге тоқталды.
Директордың ОТІЖ орынбасары А. С. Тампишева түлектерді қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ға дайындау туралы түсіндірме берді.
Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру шаралары бойынша директордың ТІЖ орынбасары О.А. Проскурина ата- аналарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, көктемгі каникулда оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанындағы «Ақбота» лагерінің жұмыс жоспарын ұсынды. Жоғары сынып оқушылары үшін КВН, дебат клубтары, спорттық ойындарға қатысуға болатындығын айтты.
Сонымен қатар көктемгі каникул кезінде оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүрмеуі, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу, балалардың қауіпсіздігі, жасөспірімдер ортасында қорқыту немесе бопсалаудың алдын алу тақырыптарында полиция инспекторы, лейтенант Б. С. Құдайберген және гимназия психологы А. А. Ергибаева ата-аналармен әңгіме жүргізді.
Жиналыста 1-11 сынып жетекшілері ата-аналармен оқушылардың үлгерімі мен мінез-құлқы туралы әңгімелесті. Сондай-ақ, ата-аналардың гимназия мұғалімдерімен кездесулері ұйымдастырылды.
Шешім:
- Оқушылардың үлгерімі мен мінез- құлқына ата- ана тарапынан бақылау жасау.
- Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ға дайындауға жәрдемдесу.
- Көктемгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қадағалау.
«Семей қаласы Гимназия №6» КММ директоры М.Г. Ахметова