Қорытынды аттестаттау » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Семей қаласының Гимназия №6"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 35-48-42
Бухгалтерия
+7(7222) 36-14-05
Версия для
слабовидящих
» » Қорытынды аттестаттау
02
сентябрь
2025

Қорытынды аттестаттау

2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері

      1. 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мерзімдері:
      2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
      1-11 сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
      1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
      2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
      3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
      1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):
      4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
      2. Қорытынды аттестаттаудың мерзімдері:
      9-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
      11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.
      3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мерзімдері:
      9-сынып оқушылары үшін:
      1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
      2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
      3) қазақ тілі/орыс тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2026 жылғы 8 маусым;
      4) орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
      11-сынып оқушылары үшін:
      1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
      2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
      3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан– 2026 жылғы 9 маусым;
      4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;
      5) орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.