Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Семей қаласының Гимназия №6"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 35-48-42
Бухгалтерия
+7(7222) 36-14-05
Версия для
слабовидящих
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
01
апрель
2022

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

ШҚО ББ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 28-29 наурызы аралығында әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Жыл сайынғы олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында өткізілді.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың екі айналымының қорытындысы бойынша «Семей қаласының Гимназия №6» КММ үш оқушысы жеңімпаз атанды: 
1) Кангожина Карина, 10 сынып, орыс тілі мен әдебиеті, 1-орын (Жетекшісі: Маусумбаева А.А.)
2)Михалевская Ева, 11 сынып, орыс тілі мен әдебиеті, 1-орын (Жетекшісі: Строй Е.В.)
3)Рябцева Софья, 10 сынып, өзін-өзі тану , 2-орын (Жетекшісі: Сакин Н.Б.)
 Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!