"О, Ақтан жас, Ақтан жас" » КГУ «Гимназия № 6»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Семей қаласының Гимназия №6"
отдела образования города Семей
Приемная
+7(7222) 35-48-42
Бухгалтерия
+7(7222) 36-14-05
Версия для
слабовидящих
» » "О, Ақтан жас, Ақтан жас"
10
ноябрь
2025

"О, Ақтан жас, Ақтан жас"

Бүгін 6-гимназияның 5 «А» және 5 «Ә» сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шағыманова Еркеназ Дәуренқызының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетіндегі Дулат Бабатайұлы атындағы дәрісханада танымдық сабаққа қатысты.📌

Әдебиет сабағында ақынның өмірі мен «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін оқып жүрген оқушылар тұлғаға қатысты ортамен танысып, дәрісханадағы қанатты сөздерге шолу жасап, ерекше әсер алып қайтты. 

Қызықтырған сұрақтары мен ойларын параққа түсіріп, автор мен кейіпкерге хат жолдады.📚