24
ноябрь
2025
«My amazing travels»
21 қараша күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Арстамбаева Алмагуль Максутовна 7 «Г» сыныбында «My amazing travels» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың мәдениетаралық түсінігін, сыни ойлауын және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында мұғалім келесі тиімді оқыту әдістерін қолданды:
қызығушылық пен мотивацияны арттыру мақсатында бейне-көрініспен бастау;
талдау мен салыстыруды дамыту үшін Венн диаграммасымен жұмыс;
ынтымақтастық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыс; лексиканы белсенді қолдануға мүмкіндік беретін «Vocabulary» әдісі;
True/False/Doesn’t Say тапсырмалары және ауызша мадақтау арқылы формативті бағалау; оқушылардың эмоционалдық күйін және сабақ қорытындысын анықтауға арналған «Көңіл-кдомаралдары» рефлексиясы. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды дәл әрі жауапкершілікпен орындап, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе алды. Сабақ жоғары қарқынмен, оқушылардың жоғары деңгейдегі қызығушылығымен және нәтижелілігімен ерекшеленді.