16
апрель
2022
Ғылым күні
Абай Құнанбайұлының «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен
көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болмақ» деген өсиетін ұран етіп, №6 гимназияда дәстүрлі жиырма жетінші Ғылым күні өтті.
Әлемдегі карантиндік шараларға байланысты соңғы екі жыл қатарынан Ғылым күні қашықтан ұйымдастырылған болатын. Биыл мектеп қабырғасында өткізілген дәстүрлі іс-шараға оқушылар да, ұжым мүшелері де аса ыждаһаттылықпен дайындалып, жоғары деңгейде атап өтті.
Тақырыбы мен қызығушылығына қарай он секцияға бөлініп, әр түрлі формада ұйымдастырылған Ғылым күнінде оқушылар жобаларын қорғады. Және зияткерлік ойындар мен тақырыптық көрмелер болды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алар асулары асқақ болсын деп тілейміз!